1 қыркүйек "Білім күніне" орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты тақырыбында мерекелік іс-шара дәстүрлі форматта, барлық санитарлық нормаларды сақтай о » Средняя школа имени Жансугурова
Абай облысы
Көкпекті ауданы білім бөлімінің
"І.Жансүгіров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72348) 20-520
Есепші бөлімі:
+7 777 995 38 61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек "Білім күніне" орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты тақырыбында мерекелік іс-шара дәстүрлі форматта, барлық санитарлық нормаларды сақтай о
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек "Білім күніне" орай "Тәуелсіздік жетістіктері" атты тақырыбында мерекелік іс-шара дәстүрлі форматта, барлық санитарлық нормаларды сақтай о

"І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ-де 1 қыркүйек "Білім күніне" орай  "Тәуелсіздік жетістіктері" атты тақырыбында мерекелік іс-шара дәстүрлі форматта, барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді. Биылғы жыл ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығы болса,  қазақтың ұлы ағартушысы " Кел, балалар, оқылық"- деп қазақты оқу, білімге шақырған, қазақ баласына тұңғыш қоңырау үнін естірткен, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, тұңғыш қазақ әліпбиін дүниеге әкелген Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы атталып өтуде.Осыған байланысты алғашқы қоңыраудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші  сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған  салтанатты жиыны мектеп директорының құттықтау сөзімен басталды.  Бүлдіршіндерге «Әліппе» алғашқы оқулықтары  табысталды.  Бүлдіршіндер өз лебіздерін білім күніне арналған өлең жолдарымен жеткізді.  Жиын соңында ата-аналар тарапынан Макешова Назерке сөз сөйлеп, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптар сақталына отырып өткізілді.